Государственное учреждение «Узункольская централизованная библиотечная система» отдела культуры и развития языков акимата Узункольского района
0
Центральная районная библиотека

15 апреля в Казахстане отмечается один из самых романтичных и символичных праздников - национальный День влюбленных, связанный с эпической историей Козы Корпеша  и Баян Сулу.
В читальном зале районной библиотеки для читателей по проекту этнографическое объединение «Наследие» было проведено жыр кеші «Қозы Көрпеш и Баян Сұлу «Көктем келді,мен сені тағы ойладым...».
История любви Козы Корпеша и Баян Сулу берет свое начало в казахском устном эпосе, который насчитывает несколько столетий . День Козы Корпеша и Баян Сулу не просто праздник влюбленных - это напоминание о настоящих чувствах, которые ценились веками: любви, преданности,чести.
Для читателей было организована книжная выставка «Қозы Баян», где были представлены такие книги : «Қозы Көрпеш Баян Сұлу»,  Г. Тверитин  «Песнь о Козы Корпеше и Баян Сулу»,  С. Еркимбеков «Оркестровка оперы М.Тумбаева «Қозы Көрпеш – Баян сұлу». и др.
В конце мероприятия читателям библиотеки были подаренны сердечки с рекламами книг о Қозы Көрпеш и Баян сұлу, которые имеются в фонде библиотеки.
Выданно 8 книг.


2025 жылдың 19 наурызында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасында этнографиялық бірлестік "Мұра" "Бауырсақ - party" жоба аясында көктемгі мереке наурыз мерекесі қарсаңында "Ұлыстың Ұлы күні" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: қатысушыларды шығыс халықтарының мерекесі Әз - Наурыздың тарихымен, сән - салтанат, салт - дәстүрімен таныстыру, өлкетануға деген құрметін ұлғайту. Шараға Ұзынкөл жалпы білім беру мектебінің 7 - 8 сынып оқушылары мен қоса мектеп кітапханашылары да қатысты. 30 шақы оқырман болды.
Кеш барысында кітапханашылар наурыз мейрамының шығу тарихы, қалай тойланатындығы туралы баяндады, Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер берілді. Сонымен қатар Наурызға байланысты қазақтың салт - дәстүрі туралы викториналық сұрақтар қойылды. Шарада 4 сынып оқушысы Исмайлдың орындауында "Тепен көк" күйі орындалды, оқушылар «Наурыз» күніне байланысты бір - біріне өздерінің жылы лебіздерін айтты. Іс - шараға арнайы қазақтың ұлттық салт - дәстүрлері, отбасылық және қоғамдық өмірі туралы ақпарат беретін бейне - презентация дайындалды."Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында және наурыз мерекесіне орай қазақ халқының ұлттық бренді - бауырсақтың түрлерін насихаттау мақсатында "Бауырсақ Party" болып өтті. Қып - қызыл болып піскен бауырсақтарды, томпиып, торсиып дастарханның сəнін келтіретін шай бауырсақ, ши бауырсақ, жол бауырсақ, май бауырсақ, кеспе бауырсақ, ашыған бауырсақ, жол бауырсақ, кеспе бауырсақ, ірімшікті бауырсақ, бармақ бауырсақ, жәй бауырсақ, шелпек түрлерін дастарқанға қойылды. Мереке жақсы көңіл күймен аяқталды.


2025 жылы 19 ақпанда Ұзынкөл ОКЖ кітапханасының оқу залында белгілі, ақын, сыршыл лирик Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына орай «Табиғат пен махаббатты дәріптейтін ақын" атты әдеби жиын өткізілді.
Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылғын әр қазақ жақсы біледі. Т. Молдағалиевтың 90 жылдығына арналған тақырыптық сөрелер жасалынады. Кеш барысында, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы слайд арқылы таныстырылып, өлеңдерінен үзінділер оқылады.
Ақынның қазақ композиторларымен бірлесе жасаған туындыларына шолу жасай отырып, сол ретро әндермен жастарды таныстыру, Тұманбай Молдағалиев шығармаларына заманымыздың дарынды композиторлары Сейдолла Байтереков, Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Еркеғали Рахмадиевтар ән шығарды. Нұрғиса Тілендиевтің «Арманымның ақ құсы» әні халықтың сүйіктісіне айналды. Ақын сөзіне жазылған «Куә бол», «Жүрегімнің сөзі», «Сен менің әнімсің», «Сарыарқа», «Жан досым», «Көктем келді» және басқа да танымал әндер ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса бермек.

Шараға Ұзынкөл ауданының К. Дөненбаева атындағы жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.


2025 жылдың 14 ақпанында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасында – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, Ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында «Ауғанның отты жалыны» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараға Кәмшәт Дөненбаева атындағы жалпы білім беру мектебінен 6 сынып оқушылары қатысты. Ауған соғысына қатысқан ардагер жерлестеріміз Фоминов Е. Н., Леонов В. В. ерліктері туралы ақпарат берілді. Жыл сайын 15 ақпан күні Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтар мен көзі тірі интернационалист - жауынгерлерге құрмет көрсету дәстүрге айналды. Сол қанды қырғынның ортасынан оралған Кеңес әскерлерінің жауынгерлеріне деген құрмет арта түспесе, кеміген жоқ. Сонымен қатар балалар кітапханасы «Соғыс сарбаздарды таңдамайды» атты кітап көрме ұйымдастырды. Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері қойылды, сонымен қатар С. Акимбековтың «История Афганистана», «Когда поют солдаты», «Афганские звезды», А. Тамониковтың «Бой в ливийской пустыне», И. Андроновтың «По волчьему следу», Б. Смағұлдың «Тағдыр тозағы» атты кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар топтамаларымен толықтырылды.

 


Онлайн - конкурс по чтению книг «#ОқыЖәнеЖең»
В 2024 году стартовал онлайн - конкурс по чтению книг «#ОқыЖәнеЖең», организованный Управлением культуры акимата Костанайской области, Управлением информатизации, оказания государственных услуг и архивов акимата Костанайской области, Управлением общественного развития акимата Костанайской области, Управлением образования акимата Костанайской области. Конкурс стал значимым событием в культурной жизни области, за прошедший год было проведено два конкурса по чтению художественной литературы на казахском и русском языках в трёх возрастных категориях.
Цель конкурса - расширить читающую аудиторию среди жителей области, поднять престиж книги и чтения.
Узункольская централизованная библиотечная система активно подключилась к организации конкурса среди жителей Узункольского района. Была проведена информационная кампания по продвижению конкурса «#ОқыЖәнеЖең» совместно со школами района. Были организованы рекламные акции, регистрация участников, оказано содействие по предоставлению литературы конкурсантам.
В первом онлайн - конкурсе по чтению книг «#ОқыЖәнеЖең» второе место в возрастной категории от 10 до 14 лет завоевала Мозер Полина.
Во втором онлайн - конкурсе по чтению книг «#ОқыЖәнеЖең» второе место в возрастной категории от 10 до 14 лет завоевал Райляну Кирилл, третье место — Мозер Полина, учащиеся Узункольской образовательной школы № 1. Победители получили дипломы и денежные призы!
Сертификаты за участие в конкурсе получили учащиеся Мелюк Артем и Есмагамбет Нуруйден.
Библиотекарям Узункольской центральной детской библиотеки Гаубрих Л.О., Литвиненко А.С. вручены благодарственные письма от заместителя акима Костанайской области Р.З. Мухамедкали за профессиональный и квалифицированный труд в организации и продвижении конкурса.
Конкурс объединил огромное количество людей, влюблённых в чтение, книги и мир художественной литературы. Торжественная церемония стала незабываемым праздником для победителей и стимулом для жителей нашей области взять в руки книгу и прикоснуться к мудрости художественного слова!


2024 жылдың 12 желтоқсанында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасы және балалар кітапханасымен бірлесе отырып "Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік" атты мерекелік патриоттық сағаты өткізілді. Мақсаты: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық тәрбие беру.
Мерекелік шара ән ұраннан басталды. Кітапханашылар халқымыздың тарихын қысқаша баяндап, желтоқсан оқиғасына қатысушылардың өмірбаянымен таныстырды. Сонымен қатар Мәдениет үйінің қызметкерлері Қабуалиев Асылбек, Бетаева Махаббат және Серикова Айымның орындауындағы мерекелік патриоттық әндер орындалды. Шараға Ұзынкөл ауданының Кәмшат Д. атындағы жалпы білім беру мектебінің оқырмандары мен кітапханашылары қатысты. Сонымен қатар "Тәуелсіздік - халықтың басты жетістігі" атты кітап көрмесі, " Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры" атты виртуалдық кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына кітап көрмесі ұсынылды. Мерекелік шара соңында оқырмандармен "Ой түйсігі" атты патриоттық ойындар ойнатылды. Жалпы шара жоғары деңгейде өткізілді.