Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0
"Тәуелсіз елдің ұланымыз"

2025 жылдың 12 желтоқсанында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасы және Ұзынкөл орталық балалар кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты тарихи сағат өткізілді. «Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, одан кейін қатысушыларға түрлі қызықты викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында болған маңызды тарихи оқиғаларға да қысқаша тоқталып өттік. Іс-шара барысында оқырмандар "Тәуелсіздік – Қазақстан жаңа ғасырда" атты кітап көрмесімен танысты.