Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0

«Ә. Бөкейханов – «Алаш» партиясының жетекшісі

27 қараша 2017 ж.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде 2017 жылғы 27 қараша сағат 13.00-де Ұзынкөл аудандық кітапханасында «Ә. Бөкейханов – «Алаш» партиясының жетекшісі, «Алаш» қозғалысының 100 – жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ХХ ғасырдың қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің шығармашылық мұрасын дәріптеу.

Іс-шара «Ә. Бөкейханов – «Алаш» партиясының жетекшісі презентациясынан басталды. Бұдан әрі «Алаш көгіндегі күн – Ә. Бөкейханов» тақырыбында Ұзынкөл ОКЖ директоры Булатова Н.А. сөз сөйледі, одан кейін «Ә.Бөкейханов және біртұтас Алаш идеясы» ОБК кітапханашысы Гаубрих Л. О., «Ә.Бөкейханов – қоғам қайраткері» ОАК кітапханашы ОАА Жунусова Л. С. баяндама жасады.

«Алаш мұрасы. Наследие Алаша» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қатысушылар: кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері. Іс-шараларға қатысушылардың саны – 30 адам.

Аталған іс-шара, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді ықпал етеді.