2018 жылдың 02 ақпан айында Ұзынкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесі және тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Латын қарпіне тәуелсіздік рухани көшу жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс – шараға 11 адам қатысты, мұрағат бөлімі, тілдерді оқыту орталығы, жастар ресурс орталығы, балалар кітапханасы және оқырмандар.
Баяндаманың мақсаты:
- Мақсат – қазақ тілінің әлеуетін көтеру;
- Басты мәселе – әліпби нұсқасын таңдау;
- Латын әліпбиіне көшу – келешек үшін кемел білімнің кепілі
Көрнекілік: Көрме ұйымдастырылды, презентация ұсынылды.
Іс – шараны ұйымдастырған Ұзынкөл ОКЖ кітапханашысы – Бердигожина Б.Ж.
Дөңгелек үстел іс – шарасында кітапхана директоры – Булатова Н.А., және тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мухамедиярова М.А. өз баяндамаларын оқыды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.
Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз...» деп атап көрсеткен еді. Рухани жаңғыру аумағындағы Елбасы атап көрсеткен маңызды шаралардың бірі- латын әліпбиіне көшуді- дәлірек айтқанда қайта оралуды жүзеге асыру – тарихтың тағы да біздің арқамызға артқан жауапкершілігі зор ауыр жугі деп білемін.
Елімізде латын графикасына көшу - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады.
«Елу жылда ел жаңа» демекші, уақытпен бірге заман өзгереді. Заман ағысына ілесе білу өте маңызды. Бүгінде Қазақстан үшін кириллицадан латын әліпбиіне көшу заман талабы болып отыр. Себебі қазақша жазу жоғалмай, ұлттық код сақталуы тиіс. Латын қарпіне көшу бүгінгі таңда басты назарда екені аян. Келешек ұрпаққа керек қажеттілік.
Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін айтты. Осы ретте, Елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екенін тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтты.
- Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкілхалық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды.
- Қазақстан Президенті бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды.
- Ғалымдар семинарда қарастырылған мәселелерді талқылады:
- Латын графикасының болашақ үшін маңызын, рухани қажеттілігін халыққа, көпшілік ортаға насихаттау түсу;
- Студенттерді қазақ жазуының тарихымен таныстыру;
- латын әліпбиіне көшуді көпшілікке насихаттап, алдын-ала психологиялық даярлау жұмыстарын жүргізу;
- әліпбидің ұсынылып отырған нұсқаларын таңдап, талқылап, халыққа түсінікті оңтайлы қарапайым әліпбиін таңдауды қолдау;
- әліпби бекітілген соң, мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметшілерді, барлық сала кадрларын оқыту, іс жүргізуді үйрететін қысқа мерзімді курстар (онлайн семинарлар, вебинарлар) ұйымдастыру).
- латын графикасына көшу мәселесіне арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
- қазақ жазуының жаңа әліпбиі негізінде географиялық атаулар мен кісі аттарын таңбалаудың ғылыми принциптерін айқындау;
- латын әліпбиіне негізделген іс қағаздарының анықтамалығын ұйымдастыру (соның ішінде электронды) т.б.
- Бұл шешімдер алдағы уақытта осы орайда атқарылатын шараларды жүзеге асыруда басшылыққа алынбақ.
Ең алдымен латын әліпбиіне көшудің рухани дамуға қозғау салатынын, қазақ тілінің жаһандану заманында басқа тілдермен терезесі тең тіл ретінде дамуына ықпал ететінін айта кеткен жөн . Жалпы латын әліпбиін дүние жүзі халқының 80 пайызы қолданады екен. Яғни латын әліпбиі жаhандану заманында өркениетке біртабан жақындау, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруына,ғылым мен білімнің даму үрдісінен көш соңында қалып қоймауына әсер етіп қана қоймай, қазақ тілінің басқа тілдермен иық тіресіп, халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.