2018 жылдың 15 наурыз күні Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі және тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің мерекесі атты іс – шара ұйымдастырылды.
Іс – шараның жүргізушісі: кітапханашы Бердігожина Балқия Жантасқызы.
Іс – шара басталмас бұрын Ұзынкөл орталықтандырылған кітапханасының директоры Булатова Н.А. және тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрмағамбетова З.К. құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік іс шараға- 30 адам қатысты. №1,2 ҰОМ оқушылары, мұрағат, мәдениет бөлімі, Нұр Отан қызметкерлері қатысты. Бейнеролик, презентация ұсынылды. Сонымен қатар іс – шара видеоға түсірілді.
Іс – шараға кигіз үй, сахан, ұйымдастырылды. Қазақтың салт дәстүрінің бірі тұсаукесер рәсімі өткізілді. Тұсау кесерді біздің кітапхананың тұрақты оқырманы әжеміз Кумажанова Батима Сұлтанқызы баланың тұсауын кесті. Қыдыр ата батасын берді. Қыдыр атаның рөлін Дюсекеев Б.Е. орындады. №2 ҰОМ оқушылары Нұрмағамбетова А. мен Тасбаева А. «Қыздар биі» биленді. Тілдерді оқыту орталығында Мухамедиярова Мадина жарапазан оқыды. Тілдерді оқыту орталығының бухгалтері Лобковская Наталья наурыз туралы өлең жолдарын қазақша оқыды. Шашу шашылды және келген қонақтарға қазақтың ұлттық дастарханы ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлттық ойындары болды.
- Қазақша күрес
- Гір көтеру
- Арқан тарту
- Асық ойнау
- Қол күрес
Қазақ халқының ерте кезде қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл-қозғалысын жетілдіреді.
Ал енді ортаға Ұзынкөл ауданының дзюдо және қазақша күрестің бас тренері, спорт шебері Қаныбек Хамитбекұлы қазақша күрес ұйымдастырды. 10 бала қазақша күреске қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. Қазақтың дастарханы наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз ұлыстың ұлы күні ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қояды. Батима Сұлтанқызы наурыз дастарханымен таныстырды. Қара жорға биі орындалды. Іс – шара жоғары деңгейде өтті.