Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0

Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің аудандық байқау өткізілді

2018 жылдың 25 сәуірінде Ұзынкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесінде және тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып Астананың 20 жылдығымен  Елбасымыздың болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру атты» 4 кіші бағытының бірі «Тәрбие және білім» бағдарламасы  аясындаАбай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің аудандық байқау өткізілді.

 

Байқаудың жүргізушісі: ОКЖ кітапханашысы Бердигожина Балкия Жантасқызы.

 

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

Тіл мәдениетін көтеру;көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талапты да талантты жастарды табу.

 

Байқау мынандай тапсырмалардан  және шарттан тұрады:

 

1.Қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез-келген прозалық шығармаларынан үзінді оқу;

2.Қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез-келген поэзиялық шығармасын оқу;

  1. Үміткерлер таңдаған мәтіндерін жатқа білулері шарт және шығарманы оқу уақыты 4 минуттан аспауы керек.

 

Байқауға қатысқан үміткерлер:

  1. Камалатдинова Манзура Фахраддинқызы Обаған орта мектебінің мұғалімі
  2. Жумашова Саяжан Сабржанқызы №2Ұзынкөл орта мектебінің мұғалімі                                                                                                                                                                               
  3. Жалмаганбетова Жансая Женисқызы Киев орта мектебінің мұғалімі
  4. Ибраев Абылай Жұмабекұлы Федоров орта мектебінің мұғалімі
  5. Заманхан Ақмарал Бекжанқызы Федоров орта мектебінің мұғалімі
  6. Нұрханова Әсел Елікқызы Федоров орта мектебінің мұғалімі

 

Осы байқауға қатысқан сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, сахналық шеберлігін, дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасы:

 

  1. Комиссия төрағасы Ұзынкөл ауданы  «Нұр Отан»партиясының  бірінші орынбасары Нұрлан Сейітұлы Булатов.
  1. Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәнінің әдіскері: Есентемирова Айнаш Битанқызы;
  1. «Тілдерді оқыту орталығының» КММ директоры

    З. К. Нұрмағамбетова

  1. Ұзынкөл ауданының кітапхана жүйесінің директоры - Булатова Н.А.

 

Бірінші болып, өз өнерін көрсеткен

  1. Нұрханова Әсел Елікқызы Федоров орта мектебінің мұғалімі –

        Қалқаман Сарин

  1. Камалатдинова Манзура Фахраддинқызы Обаған орта мектебінің мұғалімі – «Жетім қыздың монологы»
  2. Ибраев Абылай Жұмабекұлы Федоров орта мектебінің мұғалімі – Қалқаман Сарин «Күзгі хат»
  3. Жалмаганбетова Жансая Женисқызы Киев орта мектебінің мұғалімі – Абай Құнанбаевтың «7 қара сөзі»
  4. Заманхан Ақмарал Бекжанқызы Федоров орта мектебінің мұғалімі – Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Қазақ жұртшылығы өнер десе алдына жан салмайтыны, өнерді құрметтей білетіні, бағалайтыны баршаға аян. Оның ішінде поэзияға деген көз-қарасы ерекше. 

Поэзия (гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады.

 

Әділқазылар алқасының шешімі. Қорытынды сөз кезегін Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәнінің әдіскері: Есентемирова Айнаш Битанқызына берілді. Қатысушы үміткерлер Алғыс хатпен марапатталды және бағалы сыйлықтар берілді.

 

Абай көркем сөз оқу шеберлігі оқулықтарының байқауында жүлделі орындарға ие болған қатысушыларды марапаттауға ортаға Комиссия төрағасы Ұзынкөл  ауданы  «Нұр Отан»партиясының  бірінші орынбасары Нұрлан Сейітұлы Булатовқа сөз берілді.

2 дәрежелі диплом Киев орта мектебінің мұғалімі - Жалмағамбетова Жансая Женісқызы марапатталды. 1 дәрежелі дипломмен Обаған орта мектебінің мұғалімі – Камалатдинова Манзура Фахратдинқызы марапатталды.