Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0

2018 жылдың 14 желтоқсанда Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Төтенше өрттен қорғау мекемесінде «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты іс- шара өткізілді.

2018 жылдың 14 желтоқсанда Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Төтенше өрттен қорғау мекемесінде «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты іс- шара өткізілді.

 

 

 

  1. Іс - шараның өткізілу күні, уақыты:

2018 жылдың 14 желтоқсан  сағат 10.00, Ұзынкөл ОКЖ кітапханасы

 

  1. Ұйымдастырушылар және байланыс:

Булатова Нурсулу Амангелдіқызы , т/ф 87771881261, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Жүргізуші: Ұзынкөл ОКЖ кітапханашысы – Бердигожина Балкия Жантасқызы.

Іс – шараға қатысқандар: Төтенше өрттен қорғау мекемесі.

 

Іс - шараны  өткізудегі мақсаттары мен міндеттері:

 

Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. Тыңдаушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды  сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Төтенше өрттен қорғау мекемесі қатысты.

 

Міндеттері:

 

Тәуелсіздік туралы оқырмандарға және қатысушыларға түсіндіру.

Ақпараттық кеңістік, тарихи оқиғалардың  қоғамдағы рөлі

 

Іс – шараның жалпы қорытындысы:

 

Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да әрине дамыды,  барлығы, елбасымыздың саясатының негізі.

 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

 

Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. 


Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

 

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

 

Тәуелсіз елдің ұлы өжет, Қызы – қайратты, Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті  анаңдай ардақта, Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де, Қаныңды да, Жаныңды да аяма!

 

Қортынды сөз:
Құрметті қонақтар! 
«Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты іс - шарамыз өз мәресіне жетті. 


ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ ЖАСАЙ БЕРСІҢ

Іс – шара оқырмандарға өте ұнады, олар белсене қатысты. Ойларындағы сұрақтарына жауап берді.

 

Іс – шараны жүргізген кітапханашы Бердигожина Балкия Жантасқызы, Виктариналық сұрақтар және көрме ұйымдастырылды. Виктариналық сұрақтарды оқыған кітапханашы Лаура, көрмемен таныстырған кітапханашы Нұрсипат Сайлауқызы.