Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0

 «Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова» еске алу кеші

Іс – шараны жүргізген ҰОЖ кітапханашылары:

 Бердигожина Б.Ж., Шарипова С.К.

Іс – шараға  Тілдерді оқыту орталығы, Мәдениет бөлімі, Архив, Нұрлы жол,

 №1 ҰОМ оқушылары, оқырмандар 25 шақты адам қатысты.

Мақсаты :

Фариза Оңғарсынова өмір жолы мен шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру.

Оқушыларды адамгршілікке,отан сүйгіштікке,еңбек сүйгіштікке тәрбйелеу.

Көрнеккілікі:нақыл сөздер,кітап көрмесі

Іс – шара екі тілде жүргізілді.

Жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет граматалары мен «Құрмет белгісі» «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова болатын.

 

Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынова.Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсын қаламен ақ жүрген өлеңмен,кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бірі. «Поэзия Падишасы»Фариза Оңғарсынова өмір жолы туралы қысқаша мәлімет беріп өтейік. Ақынның тұтас бір әлемге айналуы кез келген таланттың, тіпті кейде теңгеруінді таланттың да маңдайына біте бермейтін құбылыс. Ақын жыры айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит. Өнер халықтікі. Халық өзі тудырып, дараларын да, даналарын да өзі иеленеді. Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова өмірден өтті. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Кәмшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия баспаларынан жарық көрді. Туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П.Неруданың жырларын, кейбір дарамалық шығармалары қазақ тілі аударған. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен»өлеңдер топтамалры үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Достық» ордендерімен марапатталған. Республикалық мәдени – ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Халық жазушысы. 

 

Қорытындылай келе: Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қаазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады.Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары-сүйіспеншілік пен жек көрушілік,ерлік пен қорқақтық,жақсылық пен жамандық.Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына,жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтікпен азаматтық тән,ақын жырлары отан сүйгіштік рухты оятып,туған халқын сүюге, күрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады.Ақын әйелдер жанының құпиясын,арманын,махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге,Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедисына дастандар арнады.Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланды,тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау-Фариза туындыларының бір қыры. Қорыта келе Ақын апамыз «Паэзия Падишасы»Фариза Оңғарсынова туралы бейне көрініс ұсынылды. Оқырмандарға және оқушыларға іс – шара ұнады, және Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқушылар жарыса оқыды. Іс – шара жоғары деңгейде өтті.