Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0

Қазақ көрнекті жазушысы Саттар Ерубаевтың шығармашылығы және келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысу.
Кітапқа қазақ әдебиеті төрінен мәңгілік құрметті орын алған, жастардың сүйікті жазушысы Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы» өлең * жырлары, әңгімелері, сатирасы, әдеби сындары мен публицистикалық еңбектері, сондай – ақ қатардағы оқырманның оның өмірі мен қызметі жайлы өзіндік саттартану бағытындағы жазбалары енгізілген. Жинақ Саттардың әйгілі шығармаларын қайта топтап ұсына отырып, қазіргі жас оқырманға жазушының қайталанбас бейнесі мен шығармашылық көркем әлемін мейлінше тақалта түсуді көздейді. Кітап Ерубаевтың туғанына 100 жыл толуына арналып отыр. Екінші кітабы «Тума талант» деп аталады. Бұл кітапта өмірге деген құштарлығын баса алмай, қазақ қоғамына жас жанының өксігі мен өкінішін мәңгілікке аманаттап, қыршын кеткен аса дарынды перзенті – Саттар Ерубаевтың туған жері, ата – тегі, балалық шағы, өмір жолындағы ізденістері сияқты тартысқа толы қысқа ғұмыры туралы баяндалады. Сонымен қатар оқырмандар жаңа кітаптармен танысты. № 2 Ұзынкөл жалпы білім беру мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысты, барлығы 20 адам.