Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0

"Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк Маметова"

2024 жылдың 14 мамырында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасында Тарихи сағат өткізілді. Тақырыбы: "Қазақтың қаһарман қызы - Мәншүк Маметова" Шараға 5 - 6 сынып оқушылары қатысты, барлығы 30 адам. мақсаты: 1. Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігімен, Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстыру 2. Оқушылардың қазақтың батыр қыздарының ерлігіне қызығушылығын тудыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев Мақсаты:Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолымен танысу. Жалпы шара жоғары деңгейде өткізілді. Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1 - дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.