2024 жылдың 15 қарашасында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасында Ұлттық валюта-теңге күніне орай "Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы" атты тәрбиелік сағат өткізілді. Ұзынкөл ОМ 8,9,10 сынып оқушылары қатысты. Балаларға ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берілді. Іс- шараның мақсаты оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. Сонымен қатар «Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандарына төл теңгені таныстырып, пайда болу тарихы туралы мағлұмат берілді. Көрмеге шолу жасады. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстырды.