Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті 22 қыркүйек күні «Парасат жолы» жобасы аясында Ұзынкөл ОКЖ кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлық» ұғымына кең тоқталып, тарихи мысалдар келтіріп, қоғамдағы осы дертті жеңуге әрбір азаматтың қосатын үлесінің маңыздылығына тоқталды. Әрбір адам өз міндеттерін адал орындап, өзінің жеке мүддесін ғана ойламай, Отанының нағыз патриоты болған кезде ғана мемлекет қарқынды дамитынын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардығ барысымен таныстырдық. Бүгінде мемлекетіміздің тәуелсіздігін, халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылықтың арқасында экономика өркендеп, тиісінше азаматтардың әл – ауқаты жақсаруда екенін, бірақ елімізде сыбайлас жемқорлықтың күрес отбасындағы тәрбиеден басталатынына басты назар аударып, жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу жолдары жайлы сөз қозғалды. Кітапханашы Бердіғожина Б.Ж. «Парасат жолы» жобасы аясында кітапханада атқарылып жатқан істерге тоқталды. Кездесу барысында қатысушылар «Парасат жолы» орталығының «Әділдік. Адалдық. Сенімділік» атты кітап көрмесімен толығырақ танысты. Көрмеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдебиеттермен қатар қазақ заңдарымен әдет – ғұрыптарының тарихы, қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, М.Әуезовтың кітаптары бар және де басқа да заманауи авторлардың туындылары ұсынылған. Кездесу соңында кітапханашы «Парасат жолы» жобасын жүзеге асыруға, сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық құндылықтарын насихаттады.
