Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұзынкөлдік орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
0
«Әр өлеңі- бір әлем!» поэзия кеші

11 сәуір Ұзынкөл аудандық кітапханасында, Ұзынкөл орта мектебі №2 қатысуымен, Балуанов Сұраған Шошақұлына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» поэзиялық кеш өтті.

 

Іс-шараға  қатысқандар:   5-8-сынып мектеп оқушылары, аудандық мұрағат қызметкерлері, Ұзынкөл мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары т.б. Қатысқан саны –  40 адам.

 

Поэзиялық кештің мақсаты: оқушыларымызды, жастарымызды жерлес Сұраған Шошақұлы ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

 

Іс-шараны жүргізген орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Н.Бетаева. Поэзиялық кеш мемлекеттік тілде өткізілді.

 

Аманкелді ауылының перзенті, Ұзынкөл ауданында қызмет істеген белгілі өнерпаз, ақын- жазушы, Сұраған Балуановтың есімін қостанайлықтар, жерлестеріміз жақсы біледі. Ол халық арасына кеңінен тарап үлгерген «Қазақ тілі-өз тілім», «Қазағым қайда барасың?», «Ел бірлігін сақтайық» және басқа да әсем өлеңдерін жазған табиғи талант иесі. Кешіміздің  қонағы ағамыздың жұбайы Станкина Зауреш Молдашқызы болған еді және Сұраған ағамыздың замандастары, жерлестері Кенкенов Амангелды, Мухтаров Кенесары атамыз  т.б. Аталарымызға сөз берілді ол кісілер көптеген мәлеметтер Сұраған ағамыз туралы жақсы пікірмен жастарымызға үлгі етерлік тәлім тәрбие жайлы айтқан болатын. Сұраған ағамы төсек тартып жатқанда, әр сәт  жаныңан табылған оның жұбайы Зауреш апада ағамыздың өлеңдерін оқып берді.Зауреш апаймен әңгімелесе, мектеп оқушылар сұрақтар

 

1.Сұраған атамыз  өлеңді қай жастан бастап жаза бастадың ?

2.Бос уақытыңда немен шұғылданған?

3.Балаларыңыздың ішінде әкесін жолын қуған балаңыз бар ма? т.б.. қойды.

    

Танымал жерлес ақын-жазушы Сұраған ағамыз  артында біраз өлең мұрасын, халық игілігіне жаралықтай рухани байлық қалдырды. Мектеп оқушылары ағамыздың көптеген өлең шұмақтарын орындады. Кеш барысында киелі қазақ домбырамен қонақтарға Сұраған Шошақұлының «Жұбайыма» деген әнің ұсынған мәдениет үйінің қызметкері Суюбаев Азамат. Іс- шара соңында кітапхана директоры Н. А. Болатова келген қонақтарға алғыс айтып ,құттықтап Зауреш Молдашқызына сыйлық тарту етті және дастархан жайылып шай ұсынылды. Ел жүрегін елжіреткен Сұраған Шошақұлының  өлеңдері тыңдаушылардың есінде мәңгі сақталып ұрпақтан-ұрпаққа тарай береді деп сенеміз.