БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
2018 жылдың 3 тамызында Ұзынкөл орталық кітапханасы
«Бір ел-бір кітап»
Республикалық акциясы көрмесін ұйымдастырды.
Өтетін орны: Ұзынкөл ОКЖ кітапханасы Абай көшесі, 79 |
Өтетін уақыты мен күні: 3 тамыз 2018 ж. сағ. 11.00
|
Көрме ұйымдастырушысы:
Кітапханашы Бердигожина Балкия Жантасқызы
Мақсаты:
- Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, сондай – ақ жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту.
- Ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту, адамгершілікке ,мейірімділікке тәрбиелеу.
Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, рухани мұрамызды сақтау, жас ұрпақты патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады.
«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша үш бірдей кітап: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. Бұл кітаптарды оқу - жыл бойы насихатталатын болады.
Көрмемен қоса 3 альбом және бейнебаян ұйымдастырылды