БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
2018 жылдың 21 қыркүйегінде Ұзынкөл орталық кітапханасы Қазақстанның киелі жерлер географиясы «Аспантай- абыз әулие» туралы экскурсия өткізілді.
Өтетін орны: Ұзынкөл ОКЖ кітапханасы Абай көшесі, 79 |
Өтетін уақыты мен күні: 21 қыркүйек 2018 ж. сағ. 11.00
|
Іс – шараның жүргізушісі:
кітапханашы Бердигожина Балкия Жантасқызы
Аспантай әулие шежіресі
Жүргізуші:
Армысыздар қазақ елі! Міне біз бүгін Елбасымыздың — Рухани жаңғыруға бағытталған жұмыстардың бір парасы — «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған ауқымды жоба — «Қазақстанның киелі жерлері географиясы».
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы киелі орындар саналатын 100 нысанның тізімін анықтады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде еліміздің, халқымыздың ұлттық сана, ұлттық өзіндігіміз жайлы ойланып, туған жеріміздің тарихын танып-білуге мүмкіншілігіміз туып жатыр. Сонымен қоса әрқайсымыздың әулетіміздің шежіресіне терең үңіліп, ата-бабаларымыз жайлы көбірек білу ұмтылысы одан әрі өрши түсті.
Мақсаты:
- Оқушыларға және оқырмандарға Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру, тарихымен таныстыру.
- Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Жалпы Аспантай абыз-әулие дүниеде болған адам, оның қабірі біздің облыстың Ұзынкөл ауданына қарасты бұрынғы "Калинин" кеңшарының аумағында жатыр. Әулиені кұрмет тұтқан, оның аруағына сиынған жамағат күні бүгінге дейін оның басына түнеп, жаратқаннан тілек тілейді.
Облыстық "Қостанай таңы" газетінің 2005 жылғы 17 маусымдағы санында "Аспантай абыз-әулие" атты мақала жарияланған болатын. Онда ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, біртуар бабамыз туралы сыр сабақтауға тырысқан едік. Мақала жұртшылық қызығушылығын туғызды. Аспантай абыз-әулиеге қатысты ел ішінде сақталған басқа да әңгімелер баршылық екен. Енді солардың кейбірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі.
Осы орайда ауданымыздың территориясында Аспантай абыз-әулие мен оның туысы Жәмеке зираттары бар екендігін, осы жерлер жұртшылықтың тәуіп етіп түнейтін орындарына айналып жатқаны жайлы жерлестеріміз хабарлас. Аспантай әулие қыпшақ, күрлеуіт руынан шыққан тарихи және діни тұлға екендігі де баршаға мәлім. 2004 жылдың күзінде осы тұлғалардың үрпақтарына жататын ауданымыздың тұрғындары Қайырбек Утинов пен Аманжол Қонқабаевтар өз ықыластары мен өз қаражаттарына зират басына үй орнатып, жұртшылықтың келіп-кетуіне қолайлы болу үшін кешен орнатты.
Содан бері бұл жерге түнеп, түрлі аурулардан сауығуды армандаған, әулиенің берер шипасына сенген адамдардың саны күннен-күнге арта түсуде. Бұл орынның маңыздылығы «Қазақстанның киелі орындары» бағдарламасының жүзеге асыру барысында одан сайын өсуде.
Сонымен, ХVII ғасырда Бекбаулы деген кісі болыпты. Одан Өстемір, Жұмағұл, Танат деген ұрпақ тараған. Өстемірде Қолдар мен Нияз деген ұлдар туады. Федоров кентінде тұратын кейбір азаматтардың айтуынша, ауылға жақын орналасқан ескі зиратта Нияздың 12 баласынан тараған біраз ұрпақтары жерленгені жайлы бұрыннан бері аталарымыз айтып отыратын екен. Айта кетейік, осы өңірде Нияздан тараған Байғожа, Атығай, Барлыбай, Артықбай, Төлеген атты Аспантай әулие ағаларының да зираты бар.
Сәлім Меңдібаев кітабында Нияз туралы былай жазылған: «Абылай хан тұсында Қыпшақ — күрлеуіт Нияздың Бұхардың әмірі болып, он екі жыл бойы аты жер жарып тұрғаны белгілі». Нияздың інісі Қолдардан екі ұл туады – біреуі Аспантай, екіншісі – Жәмеке.
Енді арада үш ғасырдан астам уақыт өтсе де халық жадынан шықпай, талай ұрпақтарды тағзым еткізген, қасиеті өзіне тартып тұратын бұл тұлға кім еді, соған келейік.
Аспантай абыз-әулие және оның ағасы Жаменке Қалдар ұлдарының қабірі Ұзынкөл ауданы бұрынғы "Калинин" кеңшарынан бес шақырым жердегі бір жағы шағын көл, бір жағы шоқ орман ортасындағы кең жазықта жатыр.
Оның ағалары, Нияздан тараған ұрпақтың бір бөлігі, Ұзынкөл мен Пресногорьков аралығын жайласа керек.
Сол ағаларына келе жатып, Аспантай ауыр дертке шалдығады. Жанындағы кошемет көрсетіп келе жатқан тілеулес-жанашыр жандарға, демім бітсе, түйе шөккен жерге жерлеңдер деп өсиет айтады. Ақыры жол үстінде үзілген әулиені осы жерге арулап қояды. Айта кетейік, осы өңірде оның Байғожа, Атығай, Барлыбай, Артықбай, Төлеген атты ағаларының да зираты бар. Жаменке ағасына да топырақ осы жерден бұйырған.
- Бірінші аңыз – Қараөткел
- Екінші аңыз- Көтерілген киіз үй
- Үшінші аңыз - Сұлу қыз
- Әулие шапағаты
- Қарахан бабаның аяны - Бұл әңгімені Бақытжамал Мұстапақызы айтқан еді:
- Әулиенің батасы Бұл әңгімені Сейдахмет Жоламанұлының аузынан естіген жандар әлі күнге дейін айта жүреді.
- Трактор сынып, тракторшы есінен таныпты Бұл әңгімені Мұсат ақсақалдың баласы Бақытжан үнемі айта жүреді.
- Әулие басына белгі қойылып, ас берілді
- Аспантай әулиенің ұрпақтары Сыр бойында да бар екені анықталды.
- Жалпы Федоров кентінде Нияз бидің ұрпақтары өте көп.
Біз бүгін есімі көпшілікке бүгінге дейін белгісіздеу болып келген күрлеуіт Аспантай абыз-әулие туралы сөз еттік. Әрине, талай ықылым заман өткен соң кейбір есімдердің көлеңкеде қалуы, ұмытыла бастауы заңды да. Бірақ ел ішінде сақталған аңыз-әңгімелер бір сәті келгенде қайта жаңғырып, сол асылдар есімін халық жадына қайта салатыны бар. Аспантай абыз-әулие үшін де сондай кез туды.
Аспантай әулиенің аңыздары:
- Қара өткел
- Көтерілген киіз үй
- Сұлу қыз
- Әулие шапағаты
Бәріңіз де білесіздер, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздің өрісін кеңейтіп, халқымызға дінін, тілін қайтарды. Кезінде бәріміз де коммунист болып, қайтыс болған әкеміздің басына барып, құран оқуға қорқушы едік. Бүгін Құдайға шүкір, еліміз талай-талай қасиетті бабаларымыздың басын көтеріп, құран оқытып, мұсылмандыққа оралып жатырмыз.
Соған орай біздің елімізді Құдай да қолдап, экономикамыз өркендеп, талай биіктерден көріндік. Жан-жағымызға қарасақ, сырт елде соғыс та, жарылыс та, тасқын да болып жатыр. Қазақстан аман. Ол халқымыздың кең пейілінің, адал ниетінің, бауырмалдық болмысының қайтарымы. Өлі жебемей, тірі байымайды деген. Аруақты сыйлаған елміз біз.
Бүгінгі экскурсия ерекше тәрбиелік маңызы бар, тағылымды жиын. Жастар үшін өнеге.
Аспантай абыз-әулие ұрпақтары, бүкіл қазағымыз, бүкіл көп ұлтты еліміз аман болсын ағайын.
Бабалар басына қойылған құлыптаста бір ауыз өлең бар:
Жер асты мен үстінің,
Ғылымын толық меңгерген,
Аспантай абыз-әулие,
Ұрпағың үшін ұлысың,
Біз үшін мәңгі тірісің,
Болашақтың да пірісің.
Осынау қанатты сөздер әрбір жанның көкірегінен шыққандай әсер етті.
Ал енді Аспантай – Абыз Әулие атамызға құран бағыштайық.
Абая көшесі 79 а
т/ф + 7714442-10-28
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.