«Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» жобасы аясында Ұзынкөл орталық кітапханасында Хакімжан Наурызбаевқа арналған «Тас мұрасының байлығы. Богатое наследие в камне» атты іс-шара өткізілді.
Хакімжан Наурызбаев – Қазақстанның ұлттық монументальды өнерінің бастауында тұрған қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі.Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Х. Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы қазіргі Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Бала кезінен сурет салумен, әсіресе мүсіндеумен шұғылданды.Хакімжан Наурызбаевтің 300- ден астам туынды сомдаған , оның ішінде Алматыдағы Абай Құнанбаев пен Ш. Уәлихановтың ескерткіштері, халық ақыны Жамбыл Жабаевқа арналғанжұмыстар сериясы бар.Х. Наурызбаевтың қолынан шыққан монументальды мүсіндері, жұмыстары: «Абай мүсіні», «Жас Жамбыл» мүсіні, «Амангелді Иманов» мүсіні және т.б. Оның әрбір туындысынан туған жердің рухы, адамдарына деген шексіз қызығушылық , туған халқына деген қалтқысыз қызметі сезіледі.
Оқырмандар алдында шақырылған қонақтар сөз сөйледі : мүсіншінің жиені Руслан Наурызбаев, кітапхана оқырмандары Кумажанова Батима апай, Дюсенов Абай Нұрканұлы. Олар Х. Наурызбаевтың өмірі мен шығармашылығына көптеген беймәлім және қызықты факторларын әңгімелеп берді.
Іс-шараны қорытындылай келе, оқырмандар атақты жерлесіміз туралы естелікті бекітуге тілек білдірді: Ұзынкөл ауылында Х. Наурызбаевтың бюст орнатылуын тілейді, кітапханада Наурызбаевты еске алуға арналған кітап көрмесін ұйымдастыру,ауданда Қазақстанның тұңғыш мүсіншісі туралы кітап шығарылғанын қалаймыз, өйткені Х. Наурызбаевтың мұрасы құнды естелік.
Іс-шара соныңда оқырмандарға мүсінші Хакімжан Наурызбаев- памятник Абаю в Алматы аттыбейнеролик көрсетілді және «Гений монументального искусства Хакимжан Наурызбаев» туралы көрме ұйымдастырылды.
https://uzynkol-kitaphana.kz/rukhani-zha-yru/is-sharalar/207-zynk-l-ortaly-kitapkhanasynda-khakimzhan-nauryzbaev-a-arnal-an-tas-m-rasyny-bajly-y.html#sigFreeId72fab50052